spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Біржан Сал ауданында бизнес қарқынды дамуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтылды. Аудан әкімі Достанбек Есжановтың айтуынша, ауданда үш ірі кәсіпорын өңір экономикасын дамытудың белсенді сегменті болып отыр.

Ауданда  биылғы  жылы 197 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар егілді. Айта кету керек, өткен жылдармен салыстырғанда егіс алқабы 28 мың гектарға ұлғайды, оның ішінде жем-шөп дақылдарын егу 16 700 гектардан 22 500 гектарға дейін ұлғайтылды. Техникалық  парк жыл сайын жаңартылып отырады. Осы жылы жалпы сомасы 600 млн. теңгеге 20 бірлікке жаңартылды.

Аудан бойынша шағын және орта бизнес барлық салаларда жақсы көрсеткіштер көрсетіп отыр. Мысалы, жеке тұрғын үй құрылысы есебінен іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 2375 шаршы метр.

«ҚазГерҚұс» жеке инвестициялары есебінен Степняк қаласындағы 18 пәтерлі үйге арналған жатақхананы қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай – ақ, биыл Степнякта 2023 жылы аяқталатын 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында45 меморандум жасалып, 77 млн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері сатылған24 жәрмеңке өткізілді.Қала тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңкелер өткізілуде»,-деп атап өтті Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов.

Сондай-ақ, ауданда 900-ге жуық шағын кәсіпкерлік субъектісіжұмыс істейтін көрінеді. Жұмысшылар саны 3519 адамды құрады. Сонымен қатар 124 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін де  үлкен жұмыстар атқарылып жатыр деп сендерді аудан басшысы. Басты міндет-жаңа жұмыс орындарын көптеп құру және сақтап қалуға әрекет жасау, шағын бизнесті қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету арқылы өмір сүру деңгейін жақсату деп атап өтті сөзінде.

        «Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 13 адамға жалпы 15 млн. теңге сомасында мемлекеттік грандтар берілді. 2022-ші жылдың басынан бастап әлеуметтік көмек алған азаматтардың саны төрт жүз жетпіс алты адам. Жұмысқа орналастыру бойынша екі жүз алпыс жеті адам жүгінсе,                    екі жүз төрт жұмыспен қамтылды. Есептік кезеңге жұмыссыздар саны үш жүз он екі адамды құрады»,-деп мәлімдеді Достанбек Есжанов.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img