spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Жылы беру кезеңінде 9 мыңға жуық бұзушылық анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өткен  2022-2023 жылыту кезеңінде 105 өрт  оқиғасы орын алған. Нәтижесінде 3 адам қаза тапты, ал 1 адам көміртегі тотығымен уланып, 3 адам жарақат алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.

Мамандардың айтуынша, пештерді дұрыс пайдаланбау  өрт шығудың негізгі себебі, 41 жағдай тіркелген. Ал, тағы  26 жағдайда – электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, 24 жағдайда – халықтың отты абайсыз қолдануы және 7 жағдайда қасақана өртеу.

«Биылғы жылыту маусымындағы өрттердің санын азайту мақсатында осы бағытта маусым айынан бастап алдын ала жұмыс басталды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, жалғыз тұратын мүгедектердің және атаулы өрт-профилактикалық жұмысқа мұқтаж зейнет жастағы адамдардың тізімдері жаңартылды. Мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтеріне сәйкес облыс аумағында атаулы профилактикалық жұмысты қажет ететін 7 749 отбасы бар. Өткен жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1 343 бірлік көміртегі тотығының дербес датчигі орнатылды, 1 452 түтін шығаратын құрылғы тазартылды», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Манат Бегалин

Департамент қызметкерлерімен жылыту кезеңі басталғаннан бері барлығы 100 мыңнан астам үйге барып, өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты 9 мыңға жуық бұзушылық анықталған. Негізгі олқылықтар автономды жылыту жүйелерінің ақаулары және электр желілері мен жабдықтарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар болды. Өрт жағдайларының көпшілігі дәл осы себептерге байланысты туындайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, өрттердің ең көп саны ескі үйлердің электр сымдарының тозуына, электр сымдарын өз бетінше орнату кезінде ережелердің бұзылуына, пештер мен мұржалардың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты.

«Көбіне адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін елемей, үй құрылысы бойынша жөндеу жұмыстарын ойланбай жүргізеді. Тұрғын үй бөлмелерін әрлеу үшін қолданылатын құрылыс материалдары өрттің тез таралуына ықпал етеді. Өз тарапымыздан, облыс азаматтарына өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау екенін тағы да еске салғым келеді», – деп толықтырды Манат Бегалин.

 

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img