spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында қысқы туристік маусым басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қысқы туристік маусым Ақмола облысының курорттық аймақтарында басталды. Туристік нысандар шаңғы маршруттарын іске қосып, мұз айдындарын ашты, мұз қалашықтары да  салынып жатыр. «Қазақстанның інжуі» осы қыста өз қонақтарын таң қалдырып қана қоймай, мүмкіндігінше демалушыларды да тартқысы келеді. 2023 жылы туристік ағын 815 мың адамға дейін артады деп күтілуде, бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте баяндалды.

Курорттық аймақ туристерді қабылдауға үлкен жауапкершілік пен тиянақты дайындалды. Қонақтарды орналастыру жайын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ойын-сауық пен ашық ауада қуанту керек. Сондықтан туробъектілер демалушылар үшін тартымды және ерекше бағдарламалар ұйымдастыруға тырысып бағуда. Бұған «қазақстандық Швейцарияның» бірегей ландшафты мен табиғаты бар талаптарға сай келіп-ақ тұр.

Сонымен, «Rixos Borovoe» қонақ үйінің жанында орналасқан «BurabayLand» отбасылық ойын-сауық саябағының аумағында Аяз Атаның қазақстандық резиденциясы шымылдығын ашты.  Ол жерде қонақтарды әлемнің жеті кереметі, эльф мектебі, сыйлық шеберханасы, кәдесый дүкені сияқты ойын-сауық күтеді. Санта резиденциясына экскурсия құны өткен жылдың деңгейінде қалды және бір адамға 2 500 теңгені құрайды. Сондай-ақ, «BurabayLand» ойын-сауық саябағында бұғы, ит шана және атқа міну сынды қызықтар күтеді. Сондай-ақ, көңілді сырғанақтар мен сиқырлы мұз айдыны бар мұз қалашықтар, коньки, шаңғыларды жалға алуға болады.

«15 желтоқсанда Сиқырлы «Экспресс Аяз Атаға» баруды бастаймыз. Бұл Бурабай даму, «Kazakhtourism» және ҚТЖ бірлесіп жасаған жоба. Астана –Көкшетау бағытындағы электр пойызының екінші кластағы екі вагоны мерекелік түрде безендірілетін болады. Сондай-ақ, вагонда «Аяз Атаның поштасы» хаттар жәшігі болады, жаңа жылдық музыка ойнайды. «Сантаға Экспресс» күн сайын сағат 06.13-те Астана қаласындағы Нұрлы Жол вокзалынан жөнелтілетін болады. Станцияға келу Бурабай курорты сағат 09.47-де. Турфирмалар таңертең жаңа жылдық экспрессте болатын туристер Санта резиденциясына барып, BurabayLand – да таңғажайып күн өткізіп, кешке сол экспрессте үйге оралуы үшін бір күндік турларды жоспарлап отыр», – деді «Бурабай Даму» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Шыңғыс Оразалин.

Көптеген туристер Бурабай сұлулығына риза және демалыстарын осында өткізуге ниетті. Олар жыл сайын жақсарып келе жатқан сапалы қызмет пен түрлі ойын-сауық туралы оң пікірлерін жиі айтады.

Қыс мезгілінде туристерді тарту үшін көрсетілетін қызметтердің саны артып жатыр. Көптеген шипажайлар қозғалыс органдарының ауруларын, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары органдарын емдейді, физиотерапия, су және балшықпен емдеу, ине және герудотерапия жүргізіледі. Туристерге жыл бойы демалуды қамтамасыз ететін өңірдің заманауи қонақ үйлерінде мұз айдындары құйылады, шаңғы маршруттары салынады, шаңғы, коньки, сноуборд, қарда жүретін көліктерді жалға беру пункттері ашылады. Қазір спорттық іс-шаралар мен маңызды іс-шараларды өткізу арқылы туристер ағынын ұлғайту жоспарда бар. Осы кезеңде демалушылар арасынан жаппай жанкүйерлерді тарта отырып, шеберлер үшін де, әуесқойлар үшін де түрлі деңгейдегі бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу арқылы  туризмді дамытып, қысқы демалыс объектілерін барынша ерекшелендіру үшін барлық шаралар жасалып жатқанын спикерлер атап өтті. Бұл тек Бурабайға ғана емес, Зеренді, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын аудандарына да қатысты.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img