spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Жайдарлы жайдарман Көкшетауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Араға жылдар салып жастардың сүйікті «Жайдарман» ойыны Көкшетау көрерменін қуантты. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  өткен «Жайдарман» ашық әзіл-сықақ фестивалі қараша айының 29 күні  Ақмола облысы ББ жанындағы«Болашақ сарайы» мекемесінде өтті. Әзіл сүйер қауым көптеп жиналды.

Кербез сұлу Көкше жерінде өткен тартысты додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген танымал командалар қатысты. Сондай-ақ, аталмыш шараға ҚР «Жайдарман» ойынының Президенті – Есентүгел Елеукен қатысып, өңірлік жайдарманшыларға қолдау білдіріп, ойынның өте жоғары деңгейде өткені туралы тоқталып кетті. Айтуынша Жайдарманда қазір «Саяхат маусымы». Осыған байланысты Есен Елукен және оның командасы Қазақстанның әр қаласына барып, өңір талантарының ойыны мен тапқырлығына куә болып жүр.

«Жайдарман бұл – жастарды бір ортаға жинайтын ойын. Жас жайдарманшыларға айтарым, командаларыңызда ауыз біршілік, сыйластық болсын.Бір-бірлеріңізді түсіне білсеңіздер өте керемет команда боласыздар. Ең бастысы  дайындық… Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпір жерлеріне барып, аталмыш ойынды тамашалап, тәнті боп келемін. Шыныда да небір талантты жастарымыз бар екеніне көзіп жетті. Осындай дарынды, сатираға қабілеті бар жас ұрпақты қолдауымыз керек», – деп атап өтті Есентүгел Елукен.

Шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы – Сабырхан Кенжебаев, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары – Азамат Ысқақов,  ҚР каратэ спорт федерациясының президенті – Дүкенбаев Руслан Жақсылық, А. Мырзахметов атындағы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры – Динара Кәрімқызы, өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы – Жайна Каппасова, қаламыздың белсенді блогерлері және тағы да басқа сыйлы қонақтар шақырылды.

 

Жалпы, ойын қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды, 500 мың теңгелік сертификат пен кубокпен Астана қаласы, Еуразия ұлттық университетінің атынан келген «Элита» құрама командасы  қанжығасына байлады, 2-орынды 250 мың теңге соммасымен Қосшы қаласынан «Қосшы» құрамасы және Семей     қаласынан «Қарағайлы34» командасы еншіледі. Ал 3-орын жүлдегерлері атағына ие болғандар және 150 мың теңге соммасы бар сертификаттармен Көкшетау қаласының Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінен келген «Есте қалсақ» және Семей қаласының «Қыздар емес» құрамасы марапатталды. «Үздік әзіл» номинациясына «Шоқан» құрамасы иеленсе, «Үздік ойыншы» номинациясын –«Элита» құрамасының ойыншысы Наурыз Сапаровқа бұйырды. Әр номинация жүлдегерлеріне 50 мың теңгелік сертификат табысталды.

Әр жеңімпаз команда дипломдар, ақшалай сертификаттар және кубокпен марапатталды.

 

 

Камила Әбделманова

Фото: Жеңіс Балабеков

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img