spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда президенттің ауылды дамыту туралы жарлығына оң баға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда мәдениет пен өнер, білім саласында жүрген өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бас қосты. Кеңес отырысында еліміз үшін маңызы зор Президенттік сайлаудың қорытындысына қатысты пікірлер айтылды. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Әділетті Қазақстанды құруды еліміздің өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етуді өзінің басты мақсаты етіп алған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі заңды құбылыс деуге болады. Қоғамымызда тұрақтылықты, бірлікті, экономикалық өркендеуді алдағы қызметіне темірқазық етіп алған Мемлекет басшысының басты бағыты Әділетті Қазақстан құру. Әсіресе, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде салтанатты ұлықтау рәсімінде ауылды дамыту туралы Жарлыққа қол қоятынын білгенде барлығы қуанды емес пе?! Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. Сондықтан Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл оның жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығы. Кеңес отырысына қатысушылар Мемлекет Басшысының саясатын қолдап отыр.

Кеңес отырысында Ақмола облысының мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар тілге тиек етіліп, бұл бағытта бірқатар ұсыныс-тілектер айтылды.

Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Сондықтан өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын дамыту мәселесін қолға алу маңызды. Облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Айгүл Сәбитованың айтуынша, соңғы 3 жылда 4 млрд. теңгеге өңірдегі 136 мәдениет нысаны жөндеуден өткен. Ал, биыл «Ауыл-ел бесігі» жобасы және Қазақстанның Жол картасы аясында 14 мәдениет нысаны ағымдағы және күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мақсатқа 1 миллиардтан астам теңге қарастырылған. Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында облыстың 739 000 көрерменін қамтыған 5000-нан астам мәдени іс-шара өткен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img