spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
16.7 C
Kokshetau

25 тыңдаушы «Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті аяқтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің оқу маусымы аяқталды. Биылғы жылы бұл мектепті 25 тыңдаушы аяқтады, олардың ішінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық-техникалық академияның тәмәмдаушы курс студенттері бар.

Оқыту курстары тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілердің, кәсіби оқытушылардың, сарапшылардың қатысуымен өткізілді. Сонымен қатар тыңдаушылардың қалауы бойынша прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларының өкілдері шақырылып, құқық қорғау қызметіне түсу тәртібі жөнінде толығырақ ақпарат берді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев тыңдаушыларды мектепті аяқтауымен құттықтап, оларға сертификаттар табыстады.

Тыңдаушылар үшін Департамент бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар бейресми форматта «галстуксыз кездесу» өтіп, тыңдаушылар мектеп туралы өз әсерлерімен бөлісіп, оның жұмысын әрі қарай жандандыру бойынша ұсыныстарын енгізді.

Кері байланыс орнату мақсатында онлайн сауалнама өткізіліп, оның нәтижесі бойынша респонденттердің 72% оқытудың тиімділігіне жоғары баға берді. «Мектепте оқу болашақта кәсібіңізді таңдауға ықпал етті ме?» деген сұраққа респонденттердің 88% оң жауап берді. Тыңдаушылардың 92% диплом алдындағы / кәсіби практиканы мемлекеттік органдарда өткісі келеді. Сонымен қатар 96% мемлекеттік немесе құқық қорғау қызметіне түсуді жоспарлауда.

 

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img