spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Жылу мәселесі – басты назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жылыту маусымын өткізуге 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа қазандықтар мен жылу электр станцияларына жөндеу жүргізіліп, екі айлық көмір мен мазут қоры сатып алынды. Өңірде жылыту маусымы қалай басталғанын тілшіміз біліп қайтты.

Бурабай ауданынағы жылу мамандары биыл қыс мезгіліне мұқият дайындалды. Үш қазандық қондырғысы алдын-ала жөнделіп, қосалқы жабдықтар мен құбырлар жаңартылған. Төтенше жағдайларда жылу үздіксіз берілуі үшін қосалқы жылыту қазандықтары да ретке келтірілді.

 «Резервте біздің қазақстандық «КВГМ-7» өндірісінің  қазандығы және тағы бір «Висмант» қазандығы бар. Яғни, қуат қоры бар, қазір жұмыс істейтін жабдық қуатта жұмыс істейді. Бізде мазут қоры толық көлемде, кесте бойынша қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда қосымша тағы жеткізіліп жатыр. Қазандықтағы отын қоры 1 мың тоннадан асады, қосымша қорда 3 мың тоннадан асатын отын да бар. Үйлерге жылу жеткізу қуаты қазір 73 градус, қайтуы шамамен 65 градус. Яғни, үй ішіне 24-26 градус жылу мөлшері жетеді»,- деді коммуналдық кәсіпорынның директоры Виктор Бахмут.

Жылу беру сапасын жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары тексереді. Олар әлеуметтік нысандар мен пәтерлерде жылу температурасын өлшейді. Олқылықтар немесе ақаулар анықталған жағдайда, оларды қалай жоюға болатындығы туралы ұсыныстар беріледі. Бірақ жергілікті билік сендіргендей, осы қыста қызмет көрсетуде қиындықтар болмауы тиіс.

 «Қазіргі уақытта жылыту маусымын бұзудың алғышарттары жоқ, қазандықтар штаттық режимде, жұмыс жүргізуде. Барлық кәсіпорындар бойынша отын қоры нормаға сәйкес қамтамасыз етілген. ҚР бойынша-2 50 мың қор бар, Степногорск ЖЭО бойынша шамамен 170 мың тонна қажетті отын қоры қамтамасыз етілген»,- деп мәлімдеді облыстық энергетика және ткш басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов.

Бурабай, Шучинск елді мекендеріндегі әлеуметтік мемелердің жай күйі мен жылыту деңгейіе өзіміз куә болып қайттық. Балабақшалар мен мектептерде жылу температурасы жоғары. Мұғалімдер де, оқышылар да шағым жоқ дейді. Кей мекемелерде өздерінің қосымша жылу қазандықтары да бар.  Төтенше жағдай орын алып, жылусыз қалу қауіпі болған жағдайда сол қосымша қазандықты іске қосамыз дейді жергілікті атқарушы органдар.

«465 орынға арналған мектепте бүгінде 566 оқушы білім алуда. Екі ауысым бойынша қазақ және орыс тілдерінде сабақ береміз. Мектеп өте жылы. Орталық қазандықтан жылу тартылған. Төтенше жағдай орын алса, өзіміздің қосымша электр қазандығымыз бар. Қажет болған жағдайда соны іске қосамыз»,-дейді  Зеленый бор ауылы мектеп гимназиясының директоры Мейрамбек Рахымжанов.

Жергілікті ауруханада да жылу берумен мәселеге жоқ. Бурабай кентіндегі емхананың аға дәрігері Нағима Тұманова осы күнге дейін жылу берімен ешқандай қиындық болмаған. Жергілікті билік үнемі қадағалап, жағдайымызды білім отырады дейді.

Жалпы, өңірдің  жылу беру мамандары қосалқы қазандық агрегаттары мен жылу желілерінің сапасына көп көңіл бөледі. Жылудың үздіксіз берілуі олардың қатты аяздағы және қалыптан тыс салқын уақыттардағы техникалық жағдайына байланысты, дейді мамандар.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img