spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Медицина мамандарының тапшылығы екі есе төмендеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы үш жылда Ақмола облысында медициналық кадрлардың тапшылығы екі есе төмендеді. Егер 2019 жылы өңірде 430-дан астам дәрігер жетпесе, бүгінде 240-қа жуық маман қажет. Жыл басынан бері өңірге 87 жас дәрігер келді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.

Шенеуніктердің айтуынша, бүгінгі таңда медициналық кадрларды ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, жатақханалар ұсыну, жалдау төлемдерін бірлесіп төлеу, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын жұмысқа орналастыру және тағы да басқа шаралар арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мысалы, биыл жас мамандарға көтерме төлемдер аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 миллион теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

«Биылғы жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде 68 медицина қызметкері жалпы сомасы 20,8 млн. теңгеге көтерме қаражат алды. Тұрғын үй алуға арналған кредитті жалпы сомасы 223,0 млн. теңгеге 50 адам пайдаланды. Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету мақсатында жыл сайын резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді, орта буын медицина қызметкерлеріне жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Омарова.

Кадр тапшылығы мәселесін жергілікті жоғарғы оқу орны да шешуге көмектеседі дейді  шенеуніктер. Мәселен, 2018 жылдан бастап Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылды, онда 740 адам оқиды, оның ішінде әкімнің гранттары есебінен 200 адам білім алып жүр. Дәрігерлік персоналдың жалақысы орта есеппен 30% – ға, орта медициналық персоналдың 20% – ға және кіші персоналдың жалақысының өсуі 15% – ға көбейді. Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесін жақсартуға ерекше назар аударылады. Биыл өңірдің медициналық ұйымдарына 1,5 миллиард теңге сомасына 50 бірлік жаңа жабдық сатып алынады. Осылайша, медициналық жабдықтармен қамамасыз ету жұмыстары 1,5% – ға артып, 80,7% -. құрады.

Басымдық-өңір тұрғындарын сапалы және жедел медициналық көмекпен қамту. Осы мақсатта Целиноград ауданы Қоянды ауылында МСАК орталығының және Қосшы қаласында 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы жалғасып жатыр.

«Сондай-ақ, жақын арада Көкшетау қаласында 630 төсектік заманауи көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Бұл жоба денсаулық сақтау министрлігі мен «RenEll» түрік компаниясы арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 38 ауылдық елді мекенде амбулаториялық-емханалық ұйымдар салу жоспарда бар», – деп қорытындылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Омарова.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img