spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Қазақстан Елшіліктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшіліктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған 68 сайлау учаскесінің 63-інде дауыс беру жүріп жатыр. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқап отыр», – деді Сәбила Мұстафина.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 5 учаскеде жергілікті уақыт пен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 096 учаскеде өтуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай облыс орталығында экологиялық акция өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айының 18 жұлдызында, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Көкшетау қаласында қазақтың ұлы ғалымы, XIX...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика