Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларындадауыс беру учаскелеріөзжұмысынбастады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ Джакарта мен Бангкок қалаларында сайлау учаскелері ашылды.
Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектентыс президент сайлауы өтеді.
Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.
Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауысберді.