spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
22.2 C
Kokshetau

Алғаш рет дауыс берген көкшетаулық студенттер сыйлық алды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының №19 сайлау учаскесінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Самал Сапарова және аталмыш университет жанындағы колледж студенті Аяулым Есіләмбек дауыс берді. Оларға дауыс беруге алғаш рет қатысқаны үшін естелік сыйлық табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студент қыздар үлкен жауапкершілікті сезініп тұрғанын және өздерінің келешегі үшін таңдау жасағанын мақтанышпен айтады.

«Сайлауда алғаш рет дауыс беріп отырмыз. Келешек үшін үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын», – дейді студент қыздар.

Аталмыш №19 сайлау учаскесінде барлығы 2181 электорат тіркелген. Екі адам сырттай дауыс берді. Өз кезегінде сайлау күніне дейін 11 адам есептен шығару талондарын алды. Олар өздерінің сайлау құқығын пайдалана отырып, Қазақстанның басқа өңірлерінде дауыс бере алады.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде келушілер саны – 21,21 пайызды құрады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында электрмен жабдықтау тұрақтандырылды

Зеренді ауданында Серафимовка, Қойсалған және Желтау ауылдарының тұрғындары соңғы үш ай бойы жиі кездескен жарықтың өшіп қалу мәселесі шешілді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика