spot_img
Жұма, Ақпан 13, 2026
-18.8 C
Kokshetau

Сайлау-2022: Ерлан Қарин сайлауда өз таңдауын жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Мемлекеттік кеңесші елордадағы №111 сайлау учаскесінде таңдау жасады.

«Бүгін өте маңызды күн. Әр азамат өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Өз болашағымыз және ел болашағында жақсы өзгерістер керек десек, сайлауға белсене қатысуымыз қажет. Сайлау еліміздің болашақтағы даму бағдарын анықтайды. Бүгінгі науқанға ел ішінде сонымен қатар шетелде де қызығушылық жоғары. Сайлау барысын 600-ден астам халықаралық байқаушы қадағалап жатыр. Одан бөлек, отандық байқаушылар бар», – деді Ерлан Қарин БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, биылғы сайлауда қоғам белсенді.

«Бүгін дауыс беру арқылы әркім өз таңдауын жасайды. Бұл еліміздің болашақ дамуы үшін маңызды. Сайлау – мемлекеттің дамуына өзгерістер әкелетін мүмкіндік. Сондықтан азаматтарды сайлауға белсене қатысуға шақырамын», – дейді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Bolashaq Saraiy» ұжымымен «Конституция – құқықтық іргетасы» атты дөңгелек үстел өтті

«Bolashaq Saraiy» мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция – құқықтық іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеменің 45 қызметкері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика