spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
20.2 C
Kokshetau

Қазақстан Елшіліктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшіліктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған 68 сайлау учаскесінің 63-інде дауыс беру жүріп жатыр. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқап отыр», – деді Сәбила Мұстафина.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 5 учаскеде жергілікті уақыт пен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 096 учаскеде өтуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика