spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
10.2 C
Kokshetau

Мәулен Әшімбаев: Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдай жасалған

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Сенат төрағасы Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгінгі күн еліміз үшін маңызды, Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау еліміздің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Біздің еліміз үшін соңғы жылдары оңай болмады. Пандемия ел экономикасы мен халқымызға ауыр тиді. Коронавирусты бәріміз бірге еңсердік. Биыл Алматыдағы қаңтар оқиғасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазір әлемдегі гео саяси жағдай ушығып тұр. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, Қазақстанхалқының бірлігі мықты», – деді Мәулен Әшімбаев БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.

 

Сенат басшысының айтуынша, бүгін әр қазақстандықтың өз таңдауын жасайты нкүн.

«Биыл маусымда референдум өтті. Оның негізінде Конституциямызға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, саяси өзгерістер сайлауға да қатысты. Бүгін халық 7 жылға, бір ретке Қазақстан президентін сайлайды. Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдай жасалды. Кандидаттарға да теңдей мүмкіндік берілді. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар қадағалап жатыр. Президент сайлауының Қазақстан заңнамалары мен халықаралық стандарттарға сай өтетініне сенімдімін», – дейді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика