Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Ақмола облысында сайлауға қатысу 21,21% құрады.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те, 14.05-те, 16.05-те, 18.05-те және 20.05-те берілетін болады.
Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.