spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
20.2 C
Kokshetau

ҰҚШҰ ПА делегациясы Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз кеше және бүгін сайлауды ұйымдастыру процесін қарап отырамыз. Біз үдерістерге қатысып жатқан барлық саяси күштермен кездесулер өткіздік. Біз үміткерлердің штабында болдық, түрлі құрылымдармен кездестік. Бүгін таңертең сайлау учаскелерінде ҰҚШҰ байқау тобы да жұмысын бастады. Осы орайда дауыс берушілердің көптігін атап өткіміз келеді. Дауыс беру рәсімдері жақсы ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Біз барлық оқиғаларға мұқият қарап отырмыз. Біздің ойымызша, сайлаудан кейін Қазақстан халқы бұл үдерістен нығайып шығады. Жалпы, бұл сайлау Қазақстан халқы үшін маңызды деп санаймын», – деді ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының топ үйлестіруші Вагаршак Акобян елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингіде.
Өз кезегінде ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспелов бүгін таңертең сайлау учаскелері ашылғанға дейін дауыс берушілер қатарынан шағын кезектер болғанын айтты.
«Қазіргі уақытта біз ешқандай заң бұзу деректерін тіркеген жоқпыз, учаскелер жабылғанша жұмысты жалғастырамыз. Дауыстарды санау кезінде де біздің байқаушылар қатысады. Сондай-ақ бүгін кешке сайлауға қатысты өзіміздің қорытындыны құжатымызды қабылдайтын боламыз», – деді С. Поспелов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика