spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-2.8 C
Kokshetau

Алғаш дауыс берген көкшетаулық қызға сыйлық берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Айым Азаматқызы алғаш президент сайлауына қатысып сыйлықпен олжалы болды. Студент қыз бұл күнді асыға күткенің және ерекше дайындықпен келгенін атап өтті. Толқынысын да жасырамады.

«Мен үшін бұл күн аса маңызды. Себеді бала күнімде ата-әжелерімнің немесе әкем мен анамның сайлауға қатысып жататынын көріп іштей қызығатынмын. Елдің өркендеуі мен гүлденуіне әр қазақстандық сайлауға қатысып, өз үлесін қоса алады деп ойлаймын»,-деді Айым Азаматқызы.

Көкшетау қаласының №47 сайлау участкесіне 2102 дауыс беруші тіркелген. Соның ішінде 69 азамат 18 жасқа толып, алғаш саулауға қатысып жатыр.

Көз қуантақаны азаматтардың осынау айтулы, тарихи күнге үлкен жауапкершілікпен қарауы. Зейнеткерлер қауымы да аса белсенді. Әрқайсының өзі таңдаған кондидаттан үміті зор. Жасы 80ге таяған Сабира апа да сайлаудан кейін елде оң өзгерістер орын алады деп сеніп отыр.

«Сайлауға қатысу аса маңызды. Үлкен үміт артып отырмыз. Көпбалалы анарлардың жағдайы оңалса деймін. Ел экономикасы жақсарса деймін. Сол себепті білікті басшы сайлау біздердің, халықтың мойнында. Халық үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет»,-дейді Сабира Абдрахманов.

Көкшетау қаласының «№ 17 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде барлығы 3 сайлау участкесі бар. №45 участкеде 1030 адам , № 46 участкесінде 1915 сайлаушы тіркелген болса, №47 сайлау участкесінде 2102 сайлаушы дауыс беруі тиіс.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img