spot_img
Дүйсенбі, Қараша 25, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Сайлау учаскелерінде цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Коняшкин Ростислав онлайн қызметтерді көрсетуде Қазақстан әлем бойынша алдыңғы орында екенін айтады.

«Бүгінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингі бойынша 193 мемлекет арасында 28-ші орында. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша біздің еліміз 8-орынға ие болды. Бүгінде өмірімізді смартфонсыз елестете алмайтын хәлге жеттік. Сондықтан «eGov Mobile» қосымшасын 2019 жылдан бастап іске қостық»,-дейді ол.

Сондай-ақ «EGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы ай сайын шамамен 1,2 млн. мемлекеттік қызмет, 2022 жылы қосымша арқылы 11 млн астам қызмет көрсетілгенін екен.

«Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. 2022 жылдың соңына дейін 80% – ға дейін жеткізу жоспарлануда. Жақында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» іске қосылды, ол тек ел аумағында және Қазақстан азаматтары үшін қолданылады»,-дейді ол.

Тағы бір айта кетер жайт, сайлаушылар 20 қараша күні болатын президент сайлауы барысында сайлау учаскелерінде цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img