spot_img
Бейсенбі, Тамыз 28, 2025
18.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында қазандық жарылысының салдарын жою жұмыстары жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін күндіз Аршалы ауданы, Аршалы ауылындағы Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектептің жеке қазандығында қатты отынмен жұмыс істейтін бу жылыту қазандығы жарылып, артынша ғимарат құрылымы бұзылған. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу ТЖ орнына келді.
Қазандықтың жарылуы мен құлауы нәтижесінде үш мектеп жұмысшысы ауруханаға түсті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, денсаулық жағдайы тексерілуде.
№3 жалпы білім беретін мектепте 395 бала оқиды. Мектептің барлық оқушылары дереу эвакуацияланды. Қазіргі уақытта мектеп қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Балалар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ.


Төтенше жағдай орнына ТЖД-ның 8 қызметкері мен бір техника, жергілікті атқарушы органдар 15 адам және екі техника, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 5 қызметкер және бір техника, жедел медициналық жәрдем бригадасы барды.
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына барлық қызметтер қатысатын болады.
Жылудың салдарын жою және беру бойынша жедел шаралар қабылдануда. 5 ауыр жүк камазы, қоқыс шығаруға арналған 2 тиегіш, автокран және ассенизатор машинасы жұмыс істеуде және де қоқыстардан тазарту, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде.
Жақын арада орталықтан жылытуға қосылу үшін жұмыстар басталады. Ұзындығы 400 метр құбыр материалы әкелінді.
Демеушілер есебінен 22 терезені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарға «Аршалы Су – 2030» ШЖҚ МКК, Аршалы АЭС, шаруа қожалықтары қызметкерлерінің ішінен 50 адам жұмылдырылды.
Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша 2014 жылы қазандықта екі қазандық ауыстырылған, өткен қарашада мұржаны ауыстыру жұмыстары жүргізілген болатын.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: экономиканы әртараптандыру және $150 млрд тікелей инвестиция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика