spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Сайлау-2022: жеті ұйым қоғамдық сауалнама жүргізу құқығына ие

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына қатысты қоғам пікірін біліп, сауал жүргізетін ұйымдарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінге дейін 7 ұйым 20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына қатысты қоғамдық сауалнама жүргізетіндігі туралы бізді хабардар етті.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес қоғамдық сауалнама нәтижесі, сайлауға қатысты болжам мен зерттеулерді, сол сияқты кандидаттарды қолдауға бағытталған материалдарды интернетте жариялауды сайлауға дейін 5 күннің ішінде тоқтату қажет. Яғни бүгін қоғамдық сауалнама нәтижелерін жариялаудың соңғы күні. Ертеңнен бастап бастап қоғам пікірі нәтижесін жариялауға және қайта басып шығаруға тыйым салынады», – деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сондай-ақ, ОСК төрағасы сайлау туралы қоғамдық сауалнама жүргізуге құқылы ұйымдарды атады.

Олардың қатарында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, «AMANAT» партиясының қоғамдық саясат институты, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы, Астана «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, DAMU RG зерттеу тобы және «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты бар.

Айта кетсек, еліміздің Бас прокуратурасы сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі заңмен қатаң реттелетіндігін еске салған еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img