spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-4.8 C
Kokshetau

Сайлау барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды – ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауы барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 18.00-де біз халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына аккредиттеуді аяқтадық. Осылайша, президент сайлауына 641 халықаралық байқаушы қатысады. Оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 бақылаушы және 35 шет мемлекеттен 109 бақылаушы», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Оның айтуынша, халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді.

«Сол арқылы біз халықаралық міндеттемелерге бейілділігіміз бен халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыратындығымызды растай түсеміз», – дейді ол.

Бұған дейін Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеудің аяқталғаны туралы хабарлаған едік.

ОСК төрағасы мәлімдегендей, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан байқаушыларды аккредиттеу сайлаудан бес күн бұрын жергілікті уақыт 18:00-де аяқталады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img