Биыл Ресей мен Қазақстан дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде екі бауырлас мемлекет көптеген ғасырлар бойы тату көршілікке сүйене отырып, барлық салаларда – саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау және мәдениетте шынымен табысты ынтымақтастық орната алды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ қоғамдық бірлестігінің және «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының басшылары Александр Артеменко мен Геннадий Осиненко айтты.
Достық мерекесіне облыстық Достық үйіне екі ұлттың достығы мен бауырластығына деген шынайы көзқарасын білдіру үшін түрлі ұлт өкілдері, маман иелері келді. Этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдары – «Русская песня» халық ансамблі мен «Синегорье» ансамблі көрермендерге мерекелік концерт дайындады. Өнерпаз әртістердің орындауында достыққа, туған өлке мен Отанға деген сүйіспеншілікке арналған қазақ және орыс әндері шырқалды.
Зал Қазақстан халқының әндері мен билерін үлкен шабытпен орындаған әртістердің, балалар би ұжымдарының қойылымдарын зор қошеметпен қарсы алды. Концерттік бағдарламаның бүкіл рухы өлеңнен алынған сөздерге толы болды:
Қазақстан мен Ресей-Мәңгілік достар.
Ал достық кез келген байлықтан қымбат.
Мәңгілік сөздерге баға жетпес:
Қазақстан мен Ресей – бауырлас.
Іс-шара Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар қалалық Кеңесінің қолдауымен өтті.