spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
20.2 C
Kokshetau

Облыстан активтер заңсыз шығарылған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коммуналдық шаруашылықтың қызметкерлері мемлекеттік қаражатты жымқырған. Заңсыз алынған ақшаның бір бөлігін қылмыскерлер Солтүстік Кипр жағалауында жылжымайтын мүлік сатып алуға аударған, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі облыс прокуратурысына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасымен тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша) МКК ШЖҚ «Бурабай жылу» бас бухгалтері А.К.К. мен директордың орынбасары С.О.Р., «Транспортные услуги» ЖК басшысы С.А.К., ЖК басшысы С.С.В. қазандықтарды, оның жабдықтары мен жылу желілерін ағымдағы жөндеуге қатысты шарт бойынша мемлекеттен 101 млн.теңге жымқырғаны анықталды.

«Ұрланған қаражат А.К.К. өзінің сыбайластары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, АҚШ долларына айырбастаған, бір бөлігін (76 млн.теңге) Солтүстік Кипр жағалауында жылжымайтын мүлік сатып алуға Түрік банкісі арқылы құрылыс компаниясының шотына аударған. Арнайы прокурорлар олардың мүлкіне (құны 29 млн. 788 мың теңге «Toyota Highlander» маркалы көлік құралы және құны 8 млн. 185 мың теңге жер учаскесі) тыйым салды. Мемлекетке келтірілген залал тергеу барысында толығымен өндірілді», – деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.

Сот үкімімен аталған тұлғалар ҚК 189-б. 4-б. 2-т. кінәлі деп танылып, жаза тағайындалды. Қылмыстық жолмен табылған мүлік мемлекет мүддесіне алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика