spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
13.1 C
Kokshetau

Сайлау-2022: Теледебат кезінде қандай тақырыптарды талқылауға болмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін кандидаттардың сайлауалдындағы телевизиялық пікірсайысында қандай мәселелерді талқылауға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың атап өтуінше, ОСК тарапынан 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу регламенті келісілген.

«Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастарды өткізу барысында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, тектік алауыздықты, зорлық-зомбылық қатыгездігіне табынуды қоздыруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді. Бұл осы пікірталастарда талқылауға қойылатын жалғыз шектеу ғана. Қалғанының бәрі, яғни заң аясында кез келген сұрақтар қойылуы мүмкін», – деді Анастасия Щегорцова.

Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілген еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика