spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
8.2 C
Kokshetau

Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу үшін 63 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері теледебат өткізу үшін «Хабар» телеарнасына қанша қаражат бөлінетінін сұраған еді.

«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге бөлінеді», – деп жауап берді Анастасия Щегорцова.

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов бұл қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты.

«Біріншіден, келісімшарт жасалсын, қаражат қазынаға түссін. Содан кейін айтамыз. Екіншіден, тікелей эфир кезіндегі байланысқа, декорацияға, студия жабдықтауға, жарыққа жұмсалады. Бұл бір рет қана болатын іс-шара болғандықтан арнайы студия жасалады. Қосымша адамдарды жұмысқа тартуға да қаржы жұмсалады. Енді телевидениенің технологиясын білетін адам ақшаның қайда жұмсалатынын біледі деп ойлаймын», – деді ол.

Осы орайда Анастасия Щегорцова телеарнаның биылғы бюджетінде теледебат өткізуге қаражат қарастырылмағанын атап өтті.

«Бұл қаражат Орталық сайлау комиссиясының шығындар сметасында қарастырылған. Заңға сәйкес, ОСК-нің дебат өткізуге мүмкіндігі бар», – деді ОСК мүшесі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика