spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қарттар мен мүгедектерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Сондай-ақ...оқыңыз

114 мыңға жуық ақмолалыққа әлеуметтік қолдауға ие болды. Оларға 890 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді, оның ішінде демеушілер мен меценаттар шамамен 560 миллион теңге бөлді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.
Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында жарты мыңға жуық ақмолалыққа отын сатып алуға көмек көрсетілді. Азық-түлік жиынтықтарын 15 мыңнан астам адам алды. 46 мыңға жуық тұрғынға біржолғы ақшалай көмек берілді. 5 мың адам 364 миллион теңгеге басқа да көмек түрлерін алды.

-Қарттарды қолдау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарында тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға білікті медициналық тексеруден өту мүмкіндігімен тегін консультациялар, терапевт дәрігерлердің кеңесін алу үшін «Ашық есік күндерін» өткізіп, үйлерге де барып көмек көрсеттік. Ұйымдардың мамандары 3 мыңнан астам зейнеткерлер мен мүгедек адамдарға толық кепілдендірілген медициналық көмек көрсетті, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарында қарттармен кездесулер өткізіліп, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері зейнеткерлерге қажеттілік дәрежесін анықтау үшін аулаларды аралап, сыйлықтар, азық-түлік жиынтықтары, ақшалай қолдау көрсетті. Сондай-ақ, зейнет жастағы ерлер мен әйелдер арасында шахмат-дойбы турнирі, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны сияқты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның 5-і қарттар мен мүгедектерге арналған. Оларда 1 358 адам бар.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img