spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Өңір газбен қашан қамтамасыз етіледі?

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшы қаласы мен Ақмола облысының тағы 8 елді мекені 2025 жылға дейін газбен жабдықтауға қосылады. Осылайша, 160 мыңнан астам тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. Газ құбырының құрылысы келесі жылы басталады, бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.
Қазіргі таңға Аршалы ауданының 8 елді мекені толығымен газдандырылып, 5 мыңнан астам жанұя көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 368 шақырым газбен жабдықтау желілері, 12 бірлік газ реттеу пункттері салынды. Аршалы кентінде автоматтандырылған газ тарату станциясының және ауданның 14 елді мекенінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. Жалпы, 50 мың халқы бар Аршалы және Целиноград ауданының 20 ауылын газбен қамтамасыз ету жоспарда бар.

-Тұрмыстық тұтынушылар үшін бекітілген тариф ҚҚС – пен текше метр үшін – 38,7 теңгені, заңды тұлғаларға -ҚҚС-пен текше метрі-42,87 теңгені құрайды.Тұрғын үйді табиғи газға қосудың орташа құны 750 мың теңгені құрайды. Бұған жұмыс жобасының, газ қазандығының, мұржаның, газ құбырының, сантехникалық жұмыстардың шығындары кіреді. 7 елді мекен бойынша аудан әкімдігі газбен жабдықтау объектілерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыс жүргізуде. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ көгілдір отынды іске қосу осы айда жоспарлап отыр. Биылғы жылдың соңына дейін Аршалы кентінде ұзындығы 88 шақырым газбен жабдықтау желілерін пайдалануға беріледі. Осылайша, Аршалы ауданының 16 елді мекенінде 4,5 мыңға жуық абонент немесе 17 мыңнан астам отбасы табиғи газға қосылуға қол жеткізе алады, – деп түсіндірді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов.

Жалпы, еліміз бойынша қолға алынып жатқан «Сарыарқа» газ құбырын жүргізу бағдарламасы бойынша екінші-үшінші кезеңінде Көкшетау қаласының және 200 мыңдай тұрғыны бар 200 елдімекенді «көгілдір отынмен» газбен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа Ұлттық қордан 170 миллиард теңге бөлу қажет. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Дегенмен, өңір тұрғындарын газбен қамтудың басқа да бағыттары қаралып жатыр.

– Өңірді көгілдір отынмен қамтудың екінші жолы да бар. Оны Ресейден тартуға болады. Бұл арада баға саясаты, яғни, ресейлік газдің бағасы біздің ішкі тарифке қаншалықты әсер етеді, соны зерделеу керек. Айналып келгенде, таразы басы отандық «Сарыарқа» магистралінің өміршеңдігіне әкеліп тіреледі, – деді Біржан Әбдірахманов.

Магистральдың жобалық ұзындығы 300 шақырымнан асады. Құбырдың диаметрі-630 миллиметр. Табиғи газ аймағын тұтыну көлемі 2050 жылға қарай жылына 500 миллион текше метрден асады. Бүгінгі таңда Үкімет деңгейінде Ұлттық қордан құрылысты қаржыландыру мәселесі қаралып жатыр. Осы бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Солтүстік өңірді одан әрі газдандырудың ықтимал нұсқаларын қарастыруда.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img