spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
20.2 C
Kokshetau

Қоғамдық көмекшінің қырағылығының арқасында Ақмола облысында ұрлықтың беті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға құқық қорғау органдарының жұмысына көмектескені үшін алғысын білдірді. Костычев ауылдық округінің «Сақшы» жасағының қоғамдық көмекшісі Ғабит Әлімғазин полицейлерге белсенді көмек көрсетті.
Ауылдардың бірінің 54 жастағы тұрғыны полицияның қоғамдық көмекшісіне белгісіз біреудің оның жеке үйінен 250 мың теңге көлемінде ақша ұрлап кеткені туралы айтқан. Ғабит Әлімғазин ер адам бір күн бұрын абайсызда әйел заты танысына егін жинау науқаны кезінде жұмыс істегені үшін ақшалай қаражат алғанын айтқанын анықтады.
Бұл мәліметтерді Ғабит Әлімғазин Жарқайың АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне айтып берді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол 37 жастағы, уақытша жұмыс істемейтін, жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.
Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабы 3-тармағының 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Фото: islam.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика