spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Көкшетаулықтар көмірді онлайн сатып ала алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Енді көкшетаулықтар мобильді қосымшалар көмегімен көмірді онлайн сатып ала алады. Биыл Ақмола облысының тұрғындарына жылыту маусымында 830 мыңнан астам тонна қажет болады. Қазір 541 мың тонна немесе қажетті көлемнің 65% жеткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында халықты көмірмен қамтамасыз ету туралы айтылды.
Биыл жергілікті билік халық арасында дүрбелең мен әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін облыс әкімдігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен , «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ-мен, өңірлік көмір операторларымен бірлесіп облысқа жеткізілім көлемін ұлғайту мәселесін пысықтады. Өңірлік операторлар тізіміне облыстың 16 ауданы мен қаласынан 62 өнім беруші енгізілді.

-Соңғы 3 айда 7000-ға жуық вагон көмір жеткізілді. Бұл 485 мың тонна, оның ішінде Шұбаркөл қимасының көмірі 160 мың тонна. Облыстың көмір базаларында шамамен 55 мың тонна көмір бар. Облыс орталығында –биылғы жылдың қазан айында темір жол тасымалы қызметтерінде тарифтің өзгеруіне байланысты шамамен 3 мың тонна, көмірдің орташа бағасы 4% – ға қымбаттады. Яғни, орташа 1 тонна шамамен 13 700 теңге тұрады, – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін көмір кесінділерін өтінімдермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ әзірлеген «Маркетплейс» платформасында өңірлік көмір операторларын тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының 1 көмір операторы тіркелген. Енді облыс орталығының тұрғындары үйден шықпай-ақ қатты отынның танымал маркаларын бөліп төлеу арқылы немесе несиемен сатып алу мүмкіндігіне ие. Ол үшін Homebank қосымшасына кіріп, басты бетте «Маркет» қойындысын, одан әрі «Үйге арналған тауарлар»- «қатты отын» санатын таңдау қажет. Сондай-ақ, осы қызметке басқа да операторларды қосу жұмыстары жүргізілуде.

Камила Әбделманова

Фото: dauletten.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img