spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
11.2 C
Kokshetau

Заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдау болып табылады,- деп хабарлайды EsilNews

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес осы тармақта көзделген бірқатар жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

Көкшетау қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде кәсіпкерліктің екі субъектісіне коммерциялық мақсаттағы жерлерді негізсіз беруді анықтады.

Облыс орталығының әкімдігі ауыл шаруашылығы техникасын өндіру зауытын салу үшін ауданы 50 га жер учаскесіне (49 жыл) және жеміс-көкөніс қоймасының логистикалық орталығын ұйымдастыру үшін (5 жылға)  мерзімге ауданы 2 га жер учаскесіне уақытша өтеулі пайдалану құқығын берді.

Осыған байланысты, Көкшетау қаласының прокуратурасымен Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Уәкілетті органның жергілікті атқарушы орган мен кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалған уақытша жер пайдалану шарттарын тану туралы талап арызын сот қанағаттандырды.

Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құны 838 млн. теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Осы басым бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Көкшетау қаласының прокуратурасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img