spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Тұрмысы нашар отбасының жекеменшік мектепте оқитын балаларына мемлекеттен көмек берілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі уақытта бұл норма мемлекеттік мектептерде ғана қолданылады. Премьер-Министр бұл ұсынысты қолдады.

Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған және мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға баруға мүмкіндігі жоқ отбасылардан шыққан балалар үшін тамақтануға ақы төлеу тетігін іске асыру мәселесі қаралды.

Бұл шараны 2023 жылдың басында іске қосылатын «Отбасының цифрлық картасы» сервисі арқылы жүзеге асыру ұсынылды.

Алдағы уақытта азық-түлік шығындарын төлеу үшін дағдарыс жағдайындағы отбасылардан шыққан балалар анықталады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте білім саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды «AqmolaNews» Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балаларға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жекеменшік мектепте оқу кезінде жаппай оқыту қорынан (мектеп формасымен, тамақпен қамтамасыз ету және т.б.) көмек алуға мүмкіндік беруді ұсынды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік органдардың қажетті ақпараттық жүйелерін интеграциялауды аяқтауды және осы бастаманы қаржыландыру тетігін пысықтауды тапсырды.

Бұл ретте ол қаражат мақсатсыз пайдаланылмас үшін оның тиімді игерілуін бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша біз білім беруге қомақты қаражат бөлеміз және жаңа бастамаларды іске асыруға қосымша ақша бөлуге дайынбыз, бірақ сапа мен тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар орталықтандырылған деңгейде балабақшаларға бірыңғай кезекті іске қосу мәселесін талқылады, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банк қосымшалары мен Egov арқылы кезекке тұру және тиісті жолдама алу қарастырылған.

Әлихан Смайылов бұл бастаманы қолдап, жаңа жүйеде ұйымдастырушылық тәртіпті, оның ішінде қосарланған кезекті болдырмауды, балалардың деректерін тексеруді және т. б. толық қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

 

Фото: t.me/KZgovernment

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img