spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Президент сайлауында ақмолалықтар 717 сайлау учаскесінде дауыс бере алады

Сондай-ақ...оқыңыз

20 қарашада өтетін президент сайлауында 520 мыңнан астам ақмолалық дауыс береді. Бұл туралы сайлау комитеті мүшесінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.
Облыс орталығында өткен семинар-кеңеске аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері, электоралды оқыту бойынша сертификатталған жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең теориялық бөлім болды. Мұнда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мустафина баяндама жасады. Спикер сайлауға дайындық кезеңінде де, тікелей дауыс беру күнінде де сайлау комиссияларының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинар барысында қатысушылар сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі сайлау комиссияларының өкілеттіктерімен, аумақтық сайлау комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен танысты. Сондай-ақ, барлық сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, ашықтық және жариялылық негізінде жүзеге асырылатыны, сайлау туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға, сайлау комиссиялары мүшелерін кәсібилендіруге ерекше назар аударылатыны атап өтілді.

«Біз Ақкөл, Шортанды аудандарында, Біржан сал ауданында және Щучинск қаласында болдық. Аумақтық сайлау учаскелері қандай жағдайда жұмыс істейтінімен танысып, оның мүшелерімен сөйлесіп, өзекті мәселелерді талқыладық. Бірқатар сұрақтарды нақтыладық, шешуді қажет ететін мәселелер туралы білдік. ОСК мүшелерінің мұндай сапарлары елдің басқа аймақтарында да өтеді. Сайлау алдындағы жарыстың, дауыс беруді ұйымдастырудың негізгі бағыттарын жеке түсіндіріп жатырмыз», – деді Сәбила Мустафина.

Президент сайлауындағы дауыс беруге 717 сайлау учаскесінде Ақмола облысының 520 мыңнан астам тұрғыны қатысады. Азаматтардың тұрғылықты орындарында 24 сайлау учаскесі ашылды. Олар – ауруханалар, әскери бөлімдер мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері.

«Әр өңірде сайлау белсенділігін арттыру мақсатында байланыс орталықтары құрылды. Сайлаушылар қажетті ақпаратты ала алатын «109» нөмірі тұрақты жұмыс істейді. Колл-орталықтарға 3 984 өтініш келіп түсті. Облыс әкімінің ресми сайтында «Өзіңді тексер» онлайн-сервисі құрылды, онда ЖСН арқылы әрбір сайлаушы қажетті ақпаратты ала алады. Ерекше назар аударатын аймақта елордалық аудандардың елді мекендері бар. Бұл – Қосшы қаласы, Қоянды, Қараөткел, Талапкер, Жібек Жолы ауылдары. Елордада тіркелген осы елді мекендердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астана әкімдіктерінің кеңестері бірнеше рет өткізілді. Қазір аулаларды аралау да жүзеге асырылып жатыр. Онлайн сервистер 143 сайлау учаскесінде жұмыс істейтін болады», – деп түсіндірді Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Азамат Қапышев.

Дауыс беруге мүмкіндігі шектеулі 20 мыңнан астам адам да қатысады. Сайлау учаскелерінің 91% – ы мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделген әрі қолжетімді.

«Бірақ барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған. Дауыс беруге арналған үй-жайлар барынша қолжетімді. Пандустар, нұсқаулықтар, арнайы жабдықталған орындар бар. 27 сайлау учаскесінде есту аурулары бар адамдардың дауыс беруі үшін тіл мамандары тартылатын болады. Сайлау күні 7 инватакси қызметі мен 12 көлік іске жұмылдырылады», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова.

Сондай-ақ, сайлау кезеңінде заңдылықты қадағалауды сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Мұрат Рыскелдинов пен полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов айтып берді. Сайлауды ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі қаралған және дауыс беру процесі модельденген семинар-кеңестің тәжірибелік бөлігі бөлек өтті.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img