spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Сайлау – комиссияның сауаттылығына байланысты болады – Аханова

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде 11 мыңға жуық сайлау учаскелері бар. Сайлау кезінде арандатушылықтың алдын алу үшін не істеледі? Мұндай әрекетке барған адам қандай жауапкершілікке тартылады?  Бұл жөнінде  «Ашық Алаң» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

2019 жылдан бері сайлау комиссиясының төрайымы қызметін атқарып келемін. Бізде айтарлықтай фактілер болған жоқ. Сайлаудың талапқа сай өтуі үшін комиссия мүшелеріне оқыту жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, сайлаушы келген кезде қандай іс-әрекет жасайды, тізімнен дауыс берушіні тауып, бюллетенге қол қойғызу секілді жұмыстарды атқарады. Ал дауысты көбейту сияқты фактілер бізде әлі тіркелмеді. Бұл көбіне сайлау комиссиясының сауаттылығына да байланысты деп ойлаймын, – деді  Астана қаласы №112 сайлау учаскесінің төрайымы Ләйлә Аханова.

Қылмыстық кодекстің 150-бабында көрсетілгендей, сайлау комиссияларына кедергі келтіру туралы бап бар. Бұл кодексте 100-150 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады немесе 4 жыл бас бостандығынан шектеледі. Мұндай оқиға тіркелді ме? деп сұрақ қойды бағдарлама кезінде заңгер Думан Дүйсенов.

Биыл жазда болған референдум кезінде «дауыс беруші келіп, мен тізімде бармын, бірақ жеке куәлігім жоқ, мен дауыс беру тиіспін» деп шу шығарған еді. Негізі заң бойынша тұлға өзімен бірге куәлігі болуы керек немесе электронды нұсқада көрсетуге болады, – деді Ләйлә Аханова.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/saylau-komissiyanyn-sauattylygyna-baylanysty-bolady-ahanova-291053/

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img