spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті. 2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

  1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты); 
  2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі; 
  3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы; 
  4. «Астана – Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А»

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

  1. Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу мерзімдеріне қатысты 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Осылайша, қоғамдық пiкiрге сауал салуды сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін жүргізуге болады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң 1-бапқа сәйкес сайлауды дайындау және өткізу кезінде, яғни сайлау кезеңінде туындайтын қатынастарды реттейді.

  1. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялау мерзімдеріне қатысты
    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол берілмейдi.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img