spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Жас ұстаз» форумы елордалық 130 педагогты біріктірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумы өтті.Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің130 жас педагогі аталған форумда бас қосты.

-Бүгінгі күні республиканың 3000 жас ұстазы бағалау, сабақ беру, педагогика мәселелерін талқылау үшін жиналып отыр. Олардың бір-біріне айтары да, бір-бірінен сұрары да бар. Жас мамандармен жұмыс – ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының жүйелі жұмысы. Себебі жастар – білім беру жүйесінің үлкен әрі маңызды бөлшегі, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Ирина Энтина.

Бұл шара – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинованың бастамасымен тамыз айында өткен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумының заңды жалғасы.

Шараның шымылдығын Педагогикалық шеберлік орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Толқын Айдосова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі:

– Астана қаласындағы ең белсенді жас ұстаздар қазір осы жерде отыр. Сондықтан бүгінгі шарада дәл сіздер тың жұмыс істейсіздер деген үміттемін. Бұл форумда көкейлеріңізде жүрген сұрақтарды қоя аласыздар, шеберлік сыныптарына кіріп, бір-бірлеріңізді үйретесіздер. Одан бөлек сіздердің өзге де шығармашылық қырларыңызды дамыту да көзделіп отыр. Сіздер мектепке жаңа леп, жаңа ағын алып келесіздер.

«Сабақ құрастырушысы: жинаймыз және қолданамыз», «Функционалды сауатсыздық: тапшылықты қалай толтыруға болады», «Insight»зертханасы: жанама тәжірибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану» тақырыптық алаңдары мен «Эмоциялық мәдениет. Өз эмоцияларымызды тануды үйрену» тренингінде форум қатысушылары Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің тәжірибелерін тыңдады.

-Бұл форумда көп тәжірибе алмастық. Сондай-ақ жас мамандарға қажетті тың идеялармен, жаңа ақпараттармен таныстық. Осы мүмкіндік үшін шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Әр мектептегі жас маман сол мектептің одан әрі дамуына, тың идеялардың пайда болуына, оқушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне үлкен үлес қосады. Сондықтан бұл шара әр мұғалімге жаңалық алып келді, – дейді Мұқағали Мақатаев атындағы № 74 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлім Қалдыбаева.

Форумда ұстаздар командалық тренингтер мен шеберлік сағаттарда, тақырыптық алаңдар мен пленарлық отырыстарда, педагогикалық баттлдар мен «Active Spot» алаңдарында кәсіби біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img