spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Президенттік олимпиаданың XV іріктеу кезеңінің қорытындысы белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алаңында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстың жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған XV Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтті.

Олимпиаданы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығымен Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша дарынды оқушыларды анықтау, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада екі турда өткізілді, барлық қатысушылар бірінші турда тестілеуден өтті, екінші (шығармашылық) турда эссе жазды. Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша: математика, физика, химия және биология тапсырмаларды орындады.

Екінші (іріктеу) кезеңге 21 оқушы қатысты, оның ішінде қорытынды кезеңге 5 оқушы өтті:
1. Адилбекқызы Аружан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
2. Балсеит Елдана – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
3. Масная Виктория – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
4. Миронов Роман – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
5. Сағат Жангир – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды қорытынды турға сәтті өтуімен құттықтаймыз және жеңіс тілейміз!!!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img