spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
11.2 C
Kokshetau

Антикор: адал бизнесті ынталандыру маңызды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті «Гормолзавод»ЖШС өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы негізгі өзгерістерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат үрдістерін түсіндірді.
Спикер атап өткендей, бизнесті дамытудағы кедергілердің бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Департамент бизнес субъектілерін мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің негізсіз ұстауларға, тінту мен алуларға жол бермеу үшін іс-әрекеттерін бақылау күшейтіледі. Бизнес мүдделерін қозғайтын тергеу әрекеттерін үйлестіру алгоритмі әзірленді.
Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында белгіленгендей, кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау аясында адал бизнесті ынталандыру өзекті болып табылады. Осы бағыттағы пәрменді шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті түрде имплементтеу болып табылады. Жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытудың үздіксіз процесін белгілеу керек. Кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарға сәйкестігі экономикалық және беделдік ынталандырулар арқылы оларды көтермелеу шараларын қолдануға негіз болады.
Соңында Жанат Тұралинов кездесуге қатысушыларды қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, адал бәсекелестікті сақтауға, әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге шақырды.
Өз кезегінде, кәсіпорын басшылығы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Айта кетейік, «Гормолзавод» ЖШС – сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығаруға маманданған ірі кәсіпорын. Өнімді өткізу нарығы елдің бірнеше қаласында игерілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика