Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының қызметкері Аманжол Құсайынов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер және 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының басымдықтары туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, спикер лауазымды тұлғалардың парасаттылығын тексеруді («Integrity check») енгізу, негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу, сондай-ақ «follow the money» қағидаты бойынша міндетті қаржылық тергеу тетігінің маңыздылығын атап өтті.
Тұжырымдамада мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің өнегелерін кеңінен жазып-көрсету арқылы нығайту мәселелері баса назар аударуды талап етеді. Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті оқытуды оның үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, дамыту қажет. Бұл ретте қызметшілердің өздерін ынталандыру қажет. Жалпы, мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты мәдениет қалыптасуға тиіс.
Сондай-ақ, спикер жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, экология, жолдар мен инфрақұрылым салалары енгізілген өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бойынша ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеу жүйесі және 1424 Call-орталығының жұмысы түсіндірілді.
Соңында мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік танытуға шақырылды, сондай-ақ бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі туралы еске салды.