spot_img
Жексенбі, Мамыр 4, 2025
12.4 C
Kokshetau

Көкшетау студенттеріне құқық бұзушылықтың салдары туралы айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Көкшетау қаласының колледждері студенттерімен қылмыстың алдын алу, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық және кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Кездесулерге білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Галимова және облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ж. Дилдабаева Р. Курсанова, Көкшетау қ. ПБ ОМПС ЗББ аға учаскелік инспекторы А. Кошкенова қжәне «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының психологы К. Дробышева қатысып, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша әңгіме жүргізді.

«Біздің міндетіміз қылмыс жасаудың қайғылы салдарға әкелетінін жеткізу, оны тек білім беру мекемелері ғана емес, ата-аналар да жете түсінуі қажет. Өкінішке орай ата-ананың кемшілігінің кесірінен кәмелетке толмаған екі студенттің есірткі сатуы орын алды. Екеуі де алты жылға бас бостандығынан айырылды», – деп толықтырды Көкшетау қ. ПБ ОПС ББ аға учаскелік инспекторы А. Қошкенова.

Кездесуді қорытындылай келе, көршілердің, таныстардың достарының, туыстарының отбасыларындағы проблемаларға бей-жай қарамау, «Менің қатысым жоқ» деген ұстанымнан аулақ болу керек. Баланың көз жасы, оның депрессиялық көрінісі – бұл әрекет жасаудың белгісі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сөнбейді әке, шырағың!

....Соғыс бітті, біткенде ме бар айып,– Соғыс, соғыс... ұмыттырмас ол атын. От өкен соң осылайша қарайып Орны қалар болатын. Ұмытар ем соғыс атын,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика