spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Колонияларда сотталғандарды қабылдау

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов және облыс прокуратурасының бейінді Басқармасының қызметкерлері Ақмола облысы бойынша ҚАЖД басшылығының ілесіп жүруімен Гранитный кенті, 65 (тергеу изоляторы) №7 мекемесінде сотталғандарды ұстау құқықтары мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында колонияның тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ өндірістік объектілерін аралап шықты, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Байланыс құралдарымен және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру зерттелді. Сондай-ақ, сапар барысында сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүзеге асырылды.

Прокуратура қызметкерлері мекемелерде азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы Конвенцияның сақталуына ерекше назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша мекемеде ұсталатын сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img