spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеп жатыр, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылған сәттен бері ҚР Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 31 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі ОСК отырысында.

Оның айтуынша, 4 халықаралық ұйымнан 54 байқаушы аккредиттеу үшін ұсынылды, оның ішінде ТМД – 31 байқаушы, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 10 байқаушы, Ислам ынтымақтастық ұйымынан – 3 байқаушы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан – 10 байқаушы бар.

5 шет мемлекеттен 9 кандидатура, атап айтқанда Армениядан – 2, Мажарстаннан – 2, Молдовиядан екеу, Ресейден екеу және Швыециядан – 1 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды.

Аккредиттеу үшін келіп түскен ұсыныстарға қарай, байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.

Бұған дейін ОСК президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырған еді.

Сонымен бірге, 4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img