spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар көбеюде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 мыңнан астам бала бар. Олардың 3 мыңға жуығы мектепке дейінгі балалар мекемелерінде оқып, тәрбиеленеді. 176 бала денсаулық жағдайы бойынша тәрбиелеуге және оқытуға жатпайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктері туралы логопедтер мен «Ерекше Өмір» қоғамдық қорының өкілдері айтып берді.
Баладар денсаулығындағы ең түйіткілді мәселе – тілдің кеш шығуы, , психикалық дамудың кешігуі, ақыл-ойдың баяу дамуы. Сондай-ақ, эмоционалды-ерікті санасы бұзылған балалар көбеюі байқалады. Мамандар алаңдатарлық статистиканы да атап өтті.

«Жылдан жылға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді. Ең алдымен, бұл бүлдіршіндердің сөйлеу дамуында аңғарылады . Әр екінші баланың дерлік тілі кеш шығып жатыр. Яғни, белгіленген жаста ол сөйлей бастайды немесе толық ойын жеткізіп, сөйлей алмайды. Оған көптеген себептер бар. Бұнда тек логопедтер ғана емес, дәрігерлер де, дәлірек айтқанда терапевтер мен невропатологтар да жұмыс істеуі керек. Бірақ соңғы диагнозды логопед қояды»,-деп түсіндірді «Ерекше Өмір» мүгедек балаларды қолдау қоғамдық қорының төрайымы Әлия Рақымбекова.

Өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға көп көңіл бөлінеді. Бүгінде инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша облыстық ресурстық орталықтар мен 50 ұйым жұмыс істейді. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту мақсатында Көкшетау қаласында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 280 орындық балабақша және халықтың аз қамтылған топтарына арналған 166 орындық балабақша салу жоспарда бар.
Бұған қоса, облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 15 Ресурстық кабинеті ашылды, 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдаудың тағы 103 ресурстық кабинетін ашу жоспарланып отыр. 2022 жылы 63 миллион теңгеден астам сомаға инклюзивті білім беруді қолдаудың 6 кабинеті ашышылады деп күтілуде.

Камила Әбделманова

Фото: unicef.org

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img