spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Қазақстан мен Өзбекстан Жол картасына қол қойды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Астанада өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Үкімет Басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан – еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы бес жылда екіжақты тауар айналымы екі еседен астам өсті. Енді біздің алдымызда өзара сауда көлемін $10 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Елдеріміздің өңірлері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық та нығая түсуде», — деді Абдулла Арипов.

Кездесу қорытындысы бойынша Үкімет басшылары салықтық реттеу, жүк транзиті, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды. Атап айтқанда, құжатта түрлі салаларда бірлескен өндірістік жобаларды іске қосу, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп тауарларын жеткізуді ұлғайту және бірқатар маңызды мемлекетаралық келісімдерді дайындау бойынша жоспарлар көрсетілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img