spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жыл сайынғы жаһандық рейтингін талдау қорытындысы бойынша Қазақстанның инновациялық экожүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленгенін баяндады.

Яғни, озық елдер мен ұйымдардың тәжірибесіне негізделген жаңа тәсіл аясында күш-жігерді жекелеген бағыттарға, атап айтқанда, азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін MedTech; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту үшін AgriTech; «жасыл» технологияларды, энергияны тиімді пайдалану мен үнемдеуді дамыту үшін GreenTech жаңа технологияларын енгізу бағыттарына шоғырландыру ұсынылып отыр.

Бұл тәсіл белгілі бір санаулы бағыттағы инновациялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және жалпы экономиканың дамуына оң мультипликативті әсер етеді.

Сонымен қатар отырыста экономиканың түрлі салаларының инновациялық белсенділігін ынталандыратын технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мұндай орталықтардың міндеттеріне қолданыстағы салалардың технологиялық дамуын талдау, халықаралық трендтер мониторингі, тиісті білім мен тәжірибені жинақтап-тарату кіреді.

Премьер-Министр осындай орталықтарды құру және дамыту бойынша әлемдік тәжірибені талдау қажеттігін атап өтті.

«Құзыреттілік орталығы саланың барлық кәсіпорындары үшін жақсы шешім болуы керек. Бұл әлемдік трендтер мен жаңа перспективалық технологияларды талдау, содан кейін озық тәжірибені тарату дегенді білдіреді. Аталған жұмысқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да өз үлесін қосуы тиіс, даму үшін не қажет екенін бизнестің өздері айтуы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар отырыста «Өнеркәсіпке арналған инновациялар» бірыңғай ақпарат жүйесін іске қосу мәселесі қаралды.

Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, инвесторлардың, ЖОО мен ҒЗИ-дың өзара іс-қимылын жолға қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұның бәрі инновациялық технологияларды белсенді түрде өндіріске енгізуге көмектесуі керек.

Фото: primeminister.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img