Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының 70 жас мерейтойына орай 27-30 қазан аралығында республикалық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.
Бүгін 16.00-де фестиваль қонақтары мен Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдерінің, және БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс конференция. Сондай-ақ фестивальдың салтанатты ашылуы өтеді.
17.30 Мұхтар Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театры Ж.Ерғалиевтың «Қас қағым» метофизикалық трагедиясымен фестиваль шымылдығын ашады, қоюшы режиссері: Елік Нұрсұлтан.
Өтетін орны: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры
28 қазан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Ж.Ерғалиевтың «Жетім тағдыр» драмасын ойнайды. Қоюшы режиссері: Айдын Салбан
Басталуы:19.00
Өтетін орны Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры.
29 қазан Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры Ж.Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» драмасын ойнайды. Қоюшы режиссері: Ә.Исаева
Басталуы: 19.00
Өтетін орны: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры.
30 қазан Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры Ж.Ерғалиевтың «Қораптағы қоқыс» драмасымен фестиваль шымылдығын жабады. Қоюшы режиссері: Жарас Қалдаров
Басталуы: 14.00
Өтетін орны: «Көкшетау» мәдениет сарайы.