Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді, бұл – бір жыл бұрынғы дерекпен салыстырғанда 6 пайызға аз, деп хабарлайды «AqmolaNews» еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде республикада 267 автокөлік ұрлығы тіркелді, яғни жылдық динамика бойынша 16,3%-ға төмендеуі – елеулі өзгеріс. 2020 жылы коронавирус пандемиясы басталғаннан бері елімізде автокөлік ұрлығының тіркелуі жүйелі түрде азайып келеді.
Өңірлер бойынша автокөлік ұрлығының басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді: 57 жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 46,2%-ға артық.
«Көшбасшы» үштікке Қостанай (31 автокөлік ұрлығы, бір жыл ішінде көбею – 19,2%) және Қарағанды (28 автокөлік ұрлығы, төмендеу – 24,3%) облыстары кірді. Көлік ұрлығы ең аз тіркелген өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, мұнда былтырғыдай 2 оқиға болған.
Атырау облысында автокөлік ұрлығының айтарлықтай көбейгені байқалды: бір жыл ішінде 3 есе жиілеп, 6 жағдай тіркелді. Ал, Ақтөбе облысында ұрлық саны үш есеге жуық азайған: 10 факт тіркелді, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 жағдай болған.