spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
14.3 C
Kokshetau

Щучинск қаласында ЖКО орын алды: екі адам ауруханаға жатқызылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының диспетчерінен Щучинск қаласында «Лиза» дүкенінің жанында ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.


Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны «Toyota Windom» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ жағдайында рөлді басқара алмай 47 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-2114» маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды. ЖКО нәтижесінде «ВАЗ-2114» маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Температураның ауытқуына байланысты Ақмола полицейлері жүргізушілерді жолдарда абай болуға шақырады: жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтап, автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе тежегіш жүйесі мен шиналардың күйіне, олардың маусымына сәйкестігіне назар аудару қажет.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика