spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
13.2 C
Kokshetau

Қазақстанда көлік ұрлығы азайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді, бұл – бір жыл бұрынғы дерекпен салыстырғанда 6 пайызға аз, деп хабарлайды «AqmolaNews» еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде республикада 267 автокөлік ұрлығы тіркелді, яғни жылдық динамика бойынша 16,3%-ға төмендеуі – елеулі өзгеріс. 2020 жылы коронавирус пандемиясы басталғаннан бері елімізде автокөлік ұрлығының тіркелуі жүйелі түрде азайып келеді.

Өңірлер бойынша автокөлік ұрлығының басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді: 57 жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 46,2%-ға артық.

«Көшбасшы» үштікке Қостанай (31 автокөлік ұрлығы, бір жыл ішінде көбею – 19,2%) және Қарағанды (28 автокөлік ұрлығы, төмендеу – 24,3%) облыстары кірді. Көлік ұрлығы ең аз тіркелген өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, мұнда былтырғыдай 2 оқиға болған.

Атырау облысында автокөлік ұрлығының айтарлықтай көбейгені байқалды: бір жыл ішінде 3 есе жиілеп, 6 жағдай тіркелді. Ал, Ақтөбе облысында ұрлық саны үш есеге жуық азайған: 10 факт тіркелді, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 жағдай болған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола  облысында тұратын, күндізгі оқу  түрінде  ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика