spot_img
Жұма, Тамыз 1, 2025
16.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды «AqmolaNews» Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Сенаттың еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Конституциялық Соттың, Прокуратураның қызметін реттейтін конституциялық заңдардың жобалары туралы сөз қозғалды.

Президентке қазіргі уақытта сенаторлардың қарауында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір азаматтарға рақымшылық жасау туралы заң жобасы мен үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының өңірлерді одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету – Палата жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен қорытынды құжатын одан әрі ілгерілету және форумды дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

 

Фото: akorda.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика