spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысының 88 ауылында медицина маманы жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде  Ақмола облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 8 мыңға жуық білікті медицина қызметкері бар. Десе де, жылдар бойы өңірдегі дәрігер  тапшылығы әлі де өзекті мәселелердің бірі. Соңғы үш жылда жалпы облыс бойынша дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 2 есеге жуық төмендеді дейді Бибігүл Демеуханқызы. Денсаулық саласындағы кадр мәселесін шешу жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Биылғы жылы жалпы өңірдегі медицина мекемелерінде 244 маман тапшы. Қалалық жерлерде 156 білікті маман қажет болса, шалғайдағы 90ға жуық ауыл дәрігерсіз отыр.

«Жалпы дәрігерлік практика бойынша мамандар, сондай-ақ, акушер-гинеколог, анестезиологтар мен педиатрлар, психиатр, көз дәрігері, оториноларингологтар мен неонатолог сынды тар шеңберлі сала мамандары үнемі тапшы.  Соңғы 9 айда облыс ауруханаларына 70-тен астам жас маман жұмысқа орналасты. Кадрларды ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар жасалып жатыр. Жатақхана беру, тұрғын үй шығындарын өтеу, балабақшаларда орын бөлу, сондай-ақ, жұбайын немесе зайыбын жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, өткен жылы медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет қаражатынан  әрқайсына 1 миллион теңге бөлінгенін келеді»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибигүл Омарова.

Шалғайдағы елді-мекен тұрғындары да базынасын білдірді. Зеренді ауданындағы Заречное ауылы тұрғындарының айтуынша медициналық пункте санитардан басқа адам жоқ. Аяқ асты ауырып қалған жайғайда көрші ауылдан медбикенің келуін күтіп зар боламыз дейді.

«Дәрігер үнемі осында болуы керек емес пе. Ал, аяқ асты ауырып қалсақ, ауылда дәрігер таппаймыз. Бұнда адамдар қысыммен, қант диабетімен, басқа да науқастар, жаңа туған нәрестелер бар. Жүгінетін ешкім жоқ. Біз көрші ауылдан   медбике, Светлана Юрьевнаны шақырып, оның келуін күтеміз. Немесе қалаға баруға тура келеді.  Медициналық пункттің тазылығын санитар жалғыз өзі қамтамасыз етіп жүр. Бір өзі  барлық бөлмелерді ағартып, тазалайды. Тағы көрші ауылдардан келген медбикеге немесе жедел жәрдем бригадасына қызмет етеді»,- деп шағым білдірді ауыл тұрғындары.

Жергілікті органдардың айтуынша біздің өңір елордаға жақын орналасқандықтан жас мамандардың дені оқу бітіргеннен кейінгі міндетті мерзімде жұмыс істеп, ауысып кетіп жатады. Оларды өңірде алып қалу мақсатынды біршама ынталандыру жұмыстары жасалып жатыр.

«Биыл Ақмола облыстық мәслихаттың шешімі бойынша жас  мамандарды қолдау жұмыстары күшейтілді. Мәселен, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда жұмысқа орналасқан  жас мамандарға сомасы 1,5 миллион теңгені құрайтын, ал ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңге мөлшерінде қаржы беріледі. Жалпы, осы жылы жергілікті бюджет қаражатынан көтерме төлемдер үшін шамамен 50 миллион  теңге бөлінді. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 68 медицина қызметкері жалпы сомасы 20,8 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды»,- деп толықтырды Бибигүл Демеуханқызы.

Биылғы жылы тұрғын үй алуға арналған  несие 50 маманға берілген. Баспана беру бойынша жұмыстары әлі де жүргізуде. Өткен жылдың өзінде дәрігерлерге арналып облыс орталығында 40 пәтерлік үй, Жақсы ауданында 8 пәтерлік тұрғын үй салынды. Ал, Атбасар ауданында бос тұрған ғимарат 30 орындық жатақхана болып қайта жаңартылған.

Алдағы уақытта кадр  тапшылығы мәселесі түбегейлі шешілуі үшін жалпы медицицина қызметкерлерін қолдау бағытындағы механизмдерге өзгерістер еңгізіп, заңнамалық түрде қатаңдату жұмыстарын жасау қажет, дейді спикер.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img